Басты міндет - қоғамдық иммунитет қалыптастыру

Басты міндет - қоғамдық иммунитет қалыптастыру

Аудан әкімі Б.Кулов санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың өңірімізде өршуіне байланысты аудандық ауруханаға барып, орын санын және вакциналардың талапқа сәйкес сақталуын қарады. Сондай-ақ, келушілердің сұрақтары мен ұсыныстарын тыңдады. Қазіргі кездегі басты мәселе - қоғамдық иммунитет қалыптастыру. Ал індеттен қорғанудың басты жолы - екпе алу. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын іздеу керектігін, ауру батпандап кіріп, мысқылдап шығатынын есте ұстау қажеттігін айтты.

Аудан бойынша соңғы 3 тәулікте 12 науқас пандемияға шалдықты. Оның ішінде 2-еуі балалар. Бұл алаңдарлық мәселе. Жағдайды басты назарда ұстамаса санитарлық-эпилемиологиялық жағдай күрт ушығып кетуі мүмкін.

Аурухана ұжымына тұрғындар арасында екпе алудың маңыздылығы жөнінде түсіндіру жұмыстарын жалғастырып, тиісті шаралар қабылдау қажеттігін тапсырды.