Қобдада Домбыра күні мен Астана күні аталып өтті

Қобдада Домбыра күні мен Астана күні аталып өтті

Қобда өнер мектебі оркестрінің әйгілі қазақ халық күйлерін орындауымен "Отан ана" саябағында "Ұлы дала сазы" мерекелік концерті ашылды. Іс — шара Ұлттық домбыра күніне және мемлекеттік мереке - Астана күніне арналды. Мерекелік шараға Қобда ауданының әкімі Болат Құлов қатысты. Құттықтау сөздерінен кейін ол аудандық "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. Сахнаға бірінші болып Бесқұдық ауылының Молдакешевтер отбасы және Қобда ауылының Таласбаевтар отбасы шықты. Олар конкурсқа қатысқаны үшін грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Ұлттық байқауда Жарсай ауылының тұрғыны Аяпбергеновтар отбасы үшінші орынды иеленді. Екінші орынға жиренқопалық Кушниязовтар отбасы ие болды. Бірінші орында Әлия ауылының тұрғыны Үдербаевтар отбасы. Аудандық кезеңнің "Мерейлі отбасы" байқауында Қосөткел ауылынан келген Сатиевтер отбасы бас жүлдені жеңіп алды. Дәл осы отбасы Ақтөбеге барып, байқаудың облыстық кезеңінде Қобда ауданының намысын қорғайтын болады. Барлық жеңімпазадар аудан басшысының қолынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар алды. Айта кету керек, жеті жыл ішінде Қобда ауданынан "Мерейлі отбасы" байқауына 105 отбасы қатысты, олардың кейбіреулері әр жылдары байқаудың облыстық кезеңдеріне қатысты. Сондай-ақ, іс-шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан қобдалықтарды аудан әкімі Б.Құлов алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.