ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ХАЛЫҚТЫҢ СҰРАНЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ

ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ХАЛЫҚТЫҢ СҰРАНЫСЫМЕН БАЙЛАНЫСТЫ

«Халық үніне құлақ асатын Үкімет» қағидасы осы күні нақты істермен көрініс тауып, жергілікті атқарушы органдармен тұрғындар арасындағы байланыс деңгейі артып келеді. Бұрын аудан әкімі тұрғындармен тек жылына бір рет кездесетін болса, қазір тоқсан сайын тұрғындармен кездесу ұйымдастыру қолға алынуда. Өткен сенбіде аудан әкімі Болат Құлов пен Қобда ауылының әкімі Марат Құлниязовтың аудан тұрғындарымен кездесуі ұйымдастырылды. Жиында алдымен аудан басшысы мен ауылдық округтің әкімі ауданның даму тынысын мәлімдеп өтті. Одан әрі халықтың мұң-мұқтажына құлақ түріп, оларды толғандырған сауалдарына жауап берді. Тұрғындар негізінен қоғамдық көлік қызметіне байланысты ұсыныстарын білдірді. Автобус көлігін ұйымдастырып отырған кәсіпкер автобусқа тұрғындардың өте аз мінетінін, оның ұйымдастырудың тиімсіздігін жеткізді. Такси тасымалы мен оның бағасы бойынша да ұсыныстар айтылып, назарға алынды. Жөндеу жүрген көшелерді тегістеу, қызметтік көліктерді реттеу төңірегінде сын айтылып, назарға алынды. Құрылыс топырағын таситын карьерлердің жұмысы мен оның бағасы жөнінде мәселе көтеріліп, топырақ алу тегін, ал оның тасымалы келісім бойынша екені сөз болды.