Ерлікке тағзым

Ерлікке тағзым

Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың туған күніне орай Әлия ауылында "Ерлікке тағзым" атты еске алу шарасы өтті. Аудан әкімі Б.Куловтың қатысуымен өткен шарада алдымен аудан жастары Әлия ауылынан бастап, батырдың кіндік қаны тамған Бұлақ ауылына дейін ұласқан велошеруге қатысып, даңқты жерлесіміздің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

"Әлия" облыстық патриоттық тәрбие беру орталығы мен Әлия Молдағұлова атындағы орта мектепте облыстық волейбол жарысы және "Жас ұлан" спорттық-патриоттық сайысы өтіп, батыр апамыздың Әлия, Бұлақ ауылдарындағы ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылып, сурет көрмелері ұйымдастырылып, батырдың ерлігі суреттелді.

Сонымен қатар шараға арнайы шақырылғандар Бұлақ ауылындағы құрылысы басталған мұражай-үймен танысып, батырдың рухына тағзым етті.