Барлық құжат смартфоныңызда

Барлық құжат смартфоныңызда

ХҚО-ға келгенде өз құжаттарыңызды ұмытқан болсаңыз, енді үйге қайта барудың қажеті жоқ. Оның оңтайлы шешімін Egov mobile қосымшасынан табасыз. Қосымшада цифрлық құжаттардың 15 түрі, сондай-ақ жеке куәлік те бар.

   Сіз бұл цифрлық құжаттарды ХҚО-да, Air Astana әуе компаниясының рейстерінде, Kaspi.kz және Halyk Bank бөлімшелерінде қолдана аласыз. Egov mobile қосымшасын Play Market және App Store платформаларынан жүктеуге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Ақтөбе  облысы бойынша филиалының баспасөз қызметі