Аудан әкімі Болат Куловтың аудан тұрғындарын 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен құттықтауы

Аудан әкімі Болат Куловтың аудан тұрғындарын 1 мамыр — Қазақстан  халқының  бірлігі  күні мерекесімен құттықтауы

ҚЫМБАТТЫ ҚОБДАЛЫҚТАР!

 Қазақстан халқының бірлігі күні – бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымақтастықта  тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің мерекесі.Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің және жалпы ұлттық келісімнің айшықты мейрамы екені анық.Тәуелсіздік алған жылдардан бастап, әрбір ұлт пен ұлыстың өкілдері біздің ауданымызда да өткен кезеңдегі ортақ тарих пен татулықты дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық келісімді насихаттап келеді. Еліміздің басты қорғаушы күші – қоғамдық келісім мен этносаралық үйлесімді сақтау–  Қазақ елінің алдында тұрған басты міндет.

  Ұлтаралық татулықпен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Бұл жетістікті бағалау, оны сақтау жолында аянбай еңбек ету әрбір елін сүйген азаматтың міндеті болуы қажет.

 Қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының достығы және бірлігі күнімен шын жүректен құттықтай отыра дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық  тілеймін. Әрдайым халқымыздың бірлігі артып, әрбір күніміз шуақты болсын! Мемлекетіміз – молшылыққа, ал әрбір шаңырақ бақыт пен шаттыққа кенелсін!