«Nur Otan» партиясы Қобда аудандық филиалының кезекті ХХVІІ есеп беру-сайлау конференциясы өткізілді. Конференцияға партияның аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Болат Құлов төрағалық жасады. Күн тәртібінде қаралған бірінші мәселе бойынша «Nur Otan» партиясы Қобда аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстарының есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері туралы партияның аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Берікбай Құрманиязов баяндама жасап, Саяси кеңес мүшелерінің мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуына бақылау жасағанын, қоғамдық қабылдаулар өткізіп, әлеуметтік мәселелерді шешуде белсенді болғанын атап айтты. Күн тәртібіндегі келесі мәселеде, Ақтөбе облысы Қобда ауданы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасының орындалуы жөніндегі жол картасының 1 тоқсанда жүзеге асырылуының есебі туралы Қобда аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «Nur Otan» партиясының фракция жетекшісі Сандыбай Алитурлиевтің баяндамасы тыңдалды.
- Партиямыздың алдағы 5 жылға арналған бағдарламасы ауданымызда қарқынды жүзеге асырылып жатырғанын көріп отырмыз. Осыған орай міндеттерін артығымен орындауды тапсырамын, - деді аудандық филиал төрағасы Болат Құлов. Конференция барысында «Nur Otan» партиясы Қобда аудандық филиалының Саяси кеңесінің мүшелері жаңадан сайланып, оның құрамына аудандық мәслихат депутаттары, праймеризге қатысқан партия мүшелері, партиялық тізімде болған үміткерлер еніп отыр. Сонымен қатар, Саяси кеңес мүшелерінің құрамында әйелдердің кемінде 30 пайыздан және 35 жасқа дейінгі жастардың 20 пайыздан кем болмауы қамтамасыз етілді. Жиын соңында «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалының кезекті XXXІ есеп беру-сайлау конференциясына Қобда ауданынан 13 делегат сайланды.