27 сәуір күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында кезекті аппарат отырысы өтті. Күн тәртібіне сәйкес Мемлекет Басшысының "Халық үніне құлақ асатын" мемлекет тұжырымдамасының және Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарының орындалуы, әлемді жайлаған індеттен қорғану бағытында вакцинациялау жұмыстарының барысы, сонымен қатар аудан бойынша бірыңғай жиынтық төлем төлеу, "Еңбек" бағдарламасының орындалуы және екі айлық санитарлық тазалық айындағы абаттандыру жұмыстары, құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілу барысы туралы мәселелерді қарап, олардың шешілу жолдарын талқылады. Аудан әкімі Б.Құлов тиісті мекеме басшыларының есебін тыңдап, ауылдық округ әкімдеріне сындарлы қоғамдық диалог орнатып, аудан тұрғындарына мемлекеттік бағдарламалардың игілігін түсіндіріп, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді.