Жасыл көшеттер егілді

Жасыл көшеттер егілді

Аудан аумағында екі айлық санитарлық-экологиялық науқан бастау алуына байланысты туған өлкемізді көгалдандыру, абаттандыру мақсатында жасыл желек алқабын арттыруды қолға алды. Қасиетті жұма күні аудан әкімі Б.Құловтың бастамасымен ауданымыздың қоғамдық өміріне үлес қосып жүрген аға буын және жастар өкілдерімен бірлесіп 200 түп қарағай және алма ағашының көшеттері отырғызылды. Жыл сайын осы үрдісті жастарға үлгі қылып, мақсатты түрде жалғастырып отырсақ, сүйікті Қобдамыз жасарып, жаңара түсетінін атап өткен аудан басшысы жас көшеттерді уақытылы суарып, қадағалауды тиісті мекемелерге тапсырды.