Карантин ережелері қатаң бақылауда болуы керек

Карантин ережелері қатаң бақылауда болуы керек

Коранавирус індеті өршіп, қызыл аймаққа еніп, эпиджағдай күрделенген кезеңде карантиндық шаралардың қатаң сақталуы маңызды.   Құрамында «Nur Otan» партиясы, мәслихат депутаттары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар мониторингтік топ аудан орталығындағы кәсіпкерлік нысандары мен дәріханалардың жұмысын бақылады. Маскалық режим, арақашықтықты сақтау, дәрі-дәрмектің бағасын тексерген олар кәсіпкерлер мен тұтынушыларға картин шараларын сақтаудың маңыздылығы төңірегінде түсінік те беріп өтті. 

Аурудың алдын-алып оның тез жайылмауы үшін ерікті жастардың тигізері пайдасы зор.

Еріктілер тұрғындарға аудандық жастар ресурстық орталығының ұйытқы болуымен жастардан құралған еріктілер тобы ауыл тұрғындарына сақтық шараларын насихаттап, ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жасауда. Еріктілердің формаларын киген жастар ауыл тұрғындарына бетперделер таратып, оларға сақтық шараларын сақтауды насихаттап жүр.