Бюджеттың әрбір теңгесі мақсатты жұмсалуы тиіс

Бюджеттың әрбір теңгесі мақсатты жұмсалуы тиіс

Бюджет қаржысын үнемдеу мен оның мақсатты жұмсалуы қазіргі ел президенті Қ. Тоқаев талап еткен басымдыққа ие міндеттердің қатарында. Осы күні бюджет қаржысын тиімді пайдалану мен мақсатты игеруге байланысты қаржылық бюджеттік заңнамаларға да өзгерістер көптеп енгізілуде. Сол мемлекеттік аудит пен бюджетті игеру жүйесіндегі жаңалықтар мен заңнамалық өзгерістер аудан әкімдігінде аудан әкімі аппаратының басшысы Бақытжан Смағұлов, Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің камералдық бақылау бөлімінің басшысы Даурен Алматов пен Қарлығаш Утеуова қатысқан жиынға өзек болды. Жиынға мемлекеттік мекемелердің қаржыны игеру бойынша мамандары мен есепшілері қатысты.  

 Отырыста қаржылық бақылау ережелеріндегі заңнамалық өзгерістер кеңінен талқыланды. Карантин жағдайындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету турасындағы шаралар түсіндірілді.  Мемлекеттік мекемелердің есепешілері мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізу кезінде кездесетін мәселелер бойынша сауалдарына жауаптар алды. Қаржыны игеру мен цифрландыру өзге де жетілдірілген тәсілдерді қолдану бойынша ұсыныстар ортаға салынды. Бюджет қаржысын тиімді пайдалану және мақсатты игеру жөніндегі тапсырманы орындау ортақ міндет екендігі сөз етілді.