Аудан әкімі бөгеттерді аралады

Аудан әкімі бөгеттерді аралады

Аудан әкімі Б.Құлов көктемгі су тасқынының алдын алу және көктем, жаз айларына қар суын бөгеттерде сақтап қалу мақсатында Жиренқопа ауылындағы "Ақбалшық" бөгетінің және Жарық ауылындағы "Жарық" бөгетінің жай-күйімен танысты. Аталған объектілерді қалпына келтіру жұмыстарымен айналысқан Батыс Қазақстан облысы "Қазсуашар" мекемесінің өкілдері қазіргі уақытта жоспарлы жұмыстар жүргізіліп, жағдай толық бақылауда екенін баяндады.

Осы нысандардың жұмысын тиімді ұйымдастыру ауылшаруашылық саласы мен қарапайым шаруалардың науқанды жұмыстары үшін қолайлы жағдай туындататыны анық. Сондықтан бөгеттердің жай-күйі басты назарда болады.