Аудан әкімі Болат Құловтың аудан тұрғындарын Наурыз мерекесімен құттықтауы

Аудан  әкімі  Болат Құловтың  аудан тұрғындарын  Наурыз мерекесімен құттықтауы

Қымбатты  қобдалықтар!

         Халқымыз ежелден жыл басы санаған, Ұлыстың ұлы күніне балаған Наурыз мейрамымен баршаңызды  шын жүректен  құттықтаймын!

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз Наурыз дана халқымызда қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. 

        Бұл күні әрқайсымыздың жүрегімізде рухани тазару сезіледі. Наурыз мейрамын қарсы алған кезде біз ерекше жан толғанысын кешеміз. Мереке күні адамдар бір-біріне кешіріммен қарап, табысу мен татуласуға үлкен мән беріп, шын ниетпен бақыт тілейді, өйткені бұл күні айтылған әрбір  ақ тілек қабыл болады.  Қасиетті мереке мәдениетіміз бен дәстүрімізді жан-жақты насихаттаумен бірге сеніміміз бен армандарымызды биіктерге ұмтылдыратын ортақ игіліктерімізге айналдырып, нығайта түседі. Елімізде болып жатқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты мерейлі  мерекемізді  сақтық шараларына сәйкес өткізіп, жас ұрпаққа  Наурыздың  мән-мазмұнын насихаттауымыз керек.

         Құрметті жерлестер! Сіздерді әз  Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мереке әрбір жанұяға бақыт, құт-береке, қуаныш әкелсін.

       Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ырысы көп, табысы толағай, құтты да берекелі жыл болсын!