«ANTIKOR.LIVE» және «ADAL KÓMEK» жобалары

«ANTIKOR.LIVE» және «ADAL KÓMEK» жобалары

«ANTIKOR.LIVE» және «ADAL KÓMEK» жобалары

Мемлекет басшысының Қазақстан Халқына Жолдауымен айқындалған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы - жаңа ақпараттық ортаға тез бейімделуді талап етуде. Осы ретте, мемлекеттік органдар үшін on-line режиміндегі контенттің үздіксіз жүруін қамтамасыз ету аса маңызды болып табылады.

Осыған орай еліміздегі төтенше жағдай мен қазіргі уақыттағы карантиндік шектеулерге байланысты әлеуметтік желілер («Instagram», «Facebook») аудиториясына «ANTIKOR.LIVE» және азаматтарға құқықтық көмек (заң кеңесі) көрсетуге бағытталған «ADAL KÓMEK» жобалары аудан және ауылдық округ әкімдігінің лауазымды тұлғаларымен тікелей эфирлер ұсынылуда.