Ауданымызға облыс әкімі О.С.Оразалин іс сапармен келді.

Ауданымызға облыс әкімі О.С.Оразалин іс сапармен келді.

Ауданымызға облыс әкімі О.С.Оразалин іс сапармен келіп, Егіндібұлақ ауылындағы "Батыр" спорттық-жаттығу базасының жұмысымен танысып, орталыққа спортшы жасөспірімдерді тасымалдауға арналған 17 орындық жаңа автокөліктің кілтін табыстады. Аудан әкімі Б.Кулов ауданның туристік маршрутымен, 2021 жылы ауданда жүзеге асырылатын жобалар мен мемлекеттік бағдарламалардың орындалуымен және ат спорты манежінің жұмысымен таныстырды.

Аудан орталығында өрт сөндіру бекетінің құрылыс барысымен танысқан өңір басшысы құрылысты уақтылы аяқтауды тапсырды. Сондай-ақ "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы аясында іске қосылған "Әкежан" супермаркеті мен "Қобда стом" стоматологиясының жұмысымен танысқан аймақ басшысы ауданның даму қарқынына оң бағасын беріп, кәсіпкерлік субъектілерін қолдауды және барлық инвестициялық жобаларды уақытында жүзеге асыруды жүктеді.