КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ

КӘСІПКЕРЛЕРГЕ ҚОЛДАУ

Ауданымызға облыстық кәсіпкерлік басқармасының жанынан құрылған жұмыс тобы келді.

Аудан әкімі Б.А.Куловтың төрағалығымен өткен жиында Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы Н.Ж.Тілеумұратов және «Агронесиелік корпорациясының» АҚ Ақтөбе филиалының директоры М.Ж.Бекмухамбетов, Ақтөбе облысының ауылшаруашылық басқармасы, «Халық банк» АҚ, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Ақтөбе филиалы, «ҚазАгроҚаржы» АҚ АФ, «Даму» АҚ AФ өкілдері аудан әкімдігінің кіші және үлкен мәжіліс залдарында аудан кәсіпкерлерімен кездесіп, мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мен артықшылықтары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жергілікті кәсіпкерлердің көкейтесті сұрақтарына жауап берді.

Содан соң "Атамекен" кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалында жұмысшы топ өкілдері жастар кәсіпкерлігін дамыту мәселелері бойынша аудан жастарының ұсыныстарын тыңдап, бірқатар сұрақтарға жауап берді.