Аудан әкімі Б.Куловтың 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күнімен құттықтауы!

Аудан әкімі Б.Куловтың 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күнімен құттықтауы!

Ардақты аналар және аяулы арулар!

Сіздерді көктемнің шұғылалы мерекесі 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Нәзік жанды аруларымыздың жүректеріне жан жылуын сыйлайтын көктем мерекесінің орны біз үшін әрдайым ерекше, мәртебесі қашанда биік. Халықаралық Әйелдер күні – ақ жаулықты аналарымыз бен апа-қарындастарымыздың отбасындағы, жалпы қоғамдағы рөлін айқындап көрсетуге ерекше мүмкіндік береді. Алып та, батыр да, дана да анадан туады. Сондықтан барлық адамзат Сіздердің алдарыңызда бас иеді.

Құт қонған Қобда өңірі алтын құрсақты аналардың батырлар мен алыптарды дүниеге әкелген қасиетті мекен. Бүгінде де аудан көлемінде көп балалы аналардың саны артып, оларға жан-жақты қолдаулар көрсетілуде. Қоғамның әр саласында нәзік жанды азаматшаларымыз ер азаматтармен бірдей иық тіресіп, нәтижелі еңбек етуде. Жұдырықтай ғана жүрегіне бүкіл адамзатты сиғызып, аналық мейірімімен әлемді әлдилеу – тек аналық махаббаттың ғана қолынан келетін құдірет.

Құрметті Аналар, аяулы Арулар! Сіздер – өмірдің өзегі, тіршіліктің күре тамыры болғандықтан Сіздердің орындарыңыз қашанда бөлек, есімдеріңіз қастерлі. Сіздерді көктем мерекесімен шын ықыласыммен құттықтай отыра, баршаңызға мықты денсаулық, баянды бақыт, ұзақ ғұмыр тілеймін. Отбасыларыңыз аман, әрбір игі істеріңіз берекелі болсын! Мереке құтты болсын!

Аудан әкімі Болат Кулов