Өрт қауіпсіздігін нығайту бағытындағы маңызды қадам

Өрт қауіпсіздігін нығайту бағытындағы маңызды қадам

Қобда ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу және жедел әрекет ету жұмыстарын күшейту мақсатында арнайы қызметтік көліктің кілті табысталды.
Салтанатты рәсімге аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев қатысып, жаңа техниканың тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және төтенше жағдайлар кезінде жедел қызмет көрсетуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Аудан көлемінде азаматтық қорғау жүйесін нығайту бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, 2024 жылы Жиренқопа ауылдық округінде, ал 2025 жылы Терісаққан ауылдық округінде шұғыл өрт сөндіру бекеттері ашылып, қажетті техника және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді.
Жаңа қызметтік көліктің табысталуы осы бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың кезекті кезеңі болып табылады. Бұл шара азаматтық қорғау жүйесінің материалдық-техникалық базасын нығайтып, халықтың қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Ауданда өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларға жедел ден қою бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, күшейтілетін болады.