Құрметті Қобда ауданының тұрғындары!
Сіздерді 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күнімен құттықтаймын!
Бұл – бейбіт өмір мен болашақ ұрпақтың бақыты үшін жанын қиған ержүрек батырларымыздың рухына тағзым ететін, олардың теңдессіз ерлігі мен өлшеусіз еңбегін ұлықтайтын қастерлі мереке.
Ұлы Отан соғысы жылдарында Қобда ауданынан 4947 азамат майданға аттанып, Отан қорғау жолында ерен ерлік көрсетті. Олардың қатарында Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған 8 жерлесіміз бар. Бұл – ауданымыздың даңқты тарихы мен өшпес мақтанышы.
Бүгінде ортамызда 43 тыл ардагері өмір сүруде. Олардың қажырлы еңбегі мен төзімі – Жеңісті жақындатқан ұлы күш, кейінгі ұрпаққа үлгі болатын өмір жолы.
Біз бүгінгі бейбіт тіршілікті сол аға буынның ерлігі мен жанқиярлығының арқасында көріп отырмыз. Сондықтан ардагерлерімізге құрмет көрсету, олардың ерлігін ұлықтау – баршамыздың қасиетті борышымыз.
Ешкім де, ешқашан ұмытылмайды!
Ардагерлерімізге тағзым етеміз!
Баршаңызға мықты денсаулық, амандық, отбасыларыңызға береке мен бірлік тілеймін!
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
Аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев