Аудан әкімі Ізгілік Досмұратұлы Тынымгеревтің аудан тұрғындарын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай аудандан тұрғындарын құттықтауы

Аудан әкімі Ізгілік Досмұратұлы Тынымгеревтің аудан тұрғындарын 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай аудандан тұрғындарын құттықтауы

Құрметті Қобдалықтар!

     Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен  құттықтаймын!

    Бұл – батыр бабалардың даңқты жолы мен бүгінгі ұрпақтың туған елге адал қызмет ету дәстүрін жалғастырып келе жатқан айрықша мереке.

    Отан қорғау – әр азамат үшін қасиетті парыз әрі үлкен жауапкершілік. Халқымыз қашанда антына берік, еліне адал азаматтарды жоғары бағалаған.

    Бүгінде ел тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген барша азаматтардың еңбегі зор. Олардың табандылығы мен жауапкершілігі – тұрақтылық пен бейбіт өмірдің берік кепілі.

    Аға буынның ерлігі – өшпес өнеге. Сол ерлік жолын жалғап келе жатқан бүгінгі буын ел сенімін ақтап, өз міндеттерін абыроймен атқара беретініне сенім мол.

    Осы мерекеде ел игілігі жолында қызмет етіп жүрген барша азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін.

    Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін! Еліміздің тыныштығы мен бірлігі әрдайым нығая берсін

Отан қорғаушылар күні құтты болсын!