
Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – ғасырлар қойнауынан жеткен, халқымыздың бай мәдени мұрасы мен салт-дәстүрін ұлықтайтын, ырыс пен берекенің бастауы саналатын ұлық мереке. Бұл күн – табиғат пен тіршіліктің жаңарып, адамзаттың да жаңа үмітпен, игі ниетпен алға қадам басатын ерекше кезеңі.
Тәуелсіз еліміздің дамуы мен өркендеуі жолында бірлік пен ынтымақтың маңызы зор. Осы тұрғыда Наурыз мейрамы – қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтып, ортақ құндылықтарымызды дәріптейтін маңызды рухани мереке. Бұл күндері өзара сыйластық артып, қайырымдылық пен жанашырлық қасиеттер кеңінен көрініс табады.
Қадірлі жерлестер!
Осынау айтулы мереке қарсаңында баршаңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке тілеймін.Әрбір бастамамыз сәтті, жүзеге аса берсін. Еңбектеріңіз жемісті, алға қойған мақсаттарыңыз айқын болсын!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын!
Наурыз мейрамы құтты болсын!
Қобда ауданының әкімі Ізгілік Тынымгереев