2025 жылы Қобда ауданында және облыс көлемінде белсенді, талантты жастарды қолдауға бағытталған бірқатар маңызды шаралар өтті.

2025 жылы Қобда ауданында және облыс көлемінде белсенді, талантты жастарды қолдауға бағытталған бірқатар маңызды шаралар өтті.

Солардың қатарында «Аудандық жастар сыйлығы» мен «Ақберен» облыстық жастар сыйлығы бар. Бұл бастамалар қоғам өміріне белсене араласып, түрлі салада жоғары нәтижеге қол жеткізген жастардың еңбегін бағалауға бағытталған.
Қобда ауданында өткен «Аудандық жастар сыйлығы» салтанатты жиынына аудан әкімі Ізгілік Тынымгереев қатысып, жастарды жетістіктерімен құттықтады. Өз сөзінде аудан басшысы белсенді әрі мақсатшыл жастардың аудан дамуына қосып жатқан үлесін ерекше атап өтіп, олардың ел болашағы үшін маңызы зор екенін жеткізді.
Аталған сыйлық білім, мәдениет, спорт, кәсіпкерлік және әлеуметтік салаларда табысты еңбек етіп жүрген жастарды қолдауды мақсат етеді. Байқау төмендегі номинациялар бойынша өткізілді:

– Үздік жас мәдениет саласының қызметкері;

– Үздік волонтер;

– Үздік жас спортшы;

– Үздік жас ұстаз;

– Үздік жас кәсіпкер;

– Үздік студент;

– Үздік жас дәрігер.

Әр номинация бойынша өз ісіне жауапкершілікпен қарап, кәсіби шеберлігімен және қоғамдық белсенділігімен ерекшеленген жастар марапатталды.
Сонымен қатар, Қобда ауданының жастары облыс деңгейінде де жоғары жетістіктерге қол жеткізді. Ақтөбе қаласында өткен «Ақберен» облыстық жастар сыйлығы аясында «Үздік жас ұстаз» номинациясының иегері атанған Бегалы орта негізгі мектебінің директоры Дауылова Жайнагүл Тұрланқызын атап өтуге болады. Аталған марапатты Ақтөбе облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Артығалин Самғат Жанболатұлы арнайы қатысып, салтанатты түрде табыстады.