Ақтөбеде ауқымды үш ірі жоба – драма театр, стадион және спорт кешенінің құрылысы басталды

Ақтөбеде ауқымды үш ірі жоба – драма театр, стадион және спорт кешенінің құрылысы басталды

Үшеуі де ел Президентінің тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда.

Аталған нысандар облыс орталығындағы Алтын Орда ықшам ауданында орналасатын «Алтын орда» әлеуметтік-іскерлік орталығының құрамына енедіБұл орталық қаланың сәулеттік келбетіне көрік беріп қана қоймайөңір тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа тартымды орынға айналмақ.

Облыс әкімі Асхат Шахаровты қала әкімі Азамат Бекет өңірдегі ірі нысандардың бірі – заманауи «Алтын орда» әлеуметтік-іскерлік орталығының құрылыс жобасымен таныстырдыАзамат Бекеттің айтуыншаорталықтың жалпы аумағы 165,8 гектарды құрайды және ол өңірдің мәдениспорттық және қоғамдық өмірін жан-жақты дамытуға бағытталған.

«Орталық құрамында 700 орындық облыстық драма театры, 34 980 көрерменге арналған стадион, 5 000 орындық көпфункционалды спорт кешенісондай-ақ қонақүйлерсауда және ойын-сауықорталықтарыбілім беру мекемелері мен Қазақстан картасының пішінін бейнелейтін «Алтын орда» саябағы салынбақ», – деді Азамат Бекет.

Барлық нысан өзара үйлесімді түрде біріктіріледіОрталық айналасында демалыспен серуендеуге арналған абаттандырылған аймақтар жасалыпшағын аудан тұрғындары үшін қолайлы және тартымды орта қалыптасады.

«Алтын орда» әлеуметтік-іскерлік орталығы туристік кластер ретінде қарастырылып отырмұнда барлық әлеуметтік нысан орналастырылады. 59 гектар аумақта саябақ салыныпдемалысқа барлық жағдай жасаладыБизнеске арналған қонақ үйлерсауда үйлері және басқа да коммерциялық нысандар үшін жер телімдері арнайы комиссия арқылы бөлінедібұл аумақтың инвестициялық тартымдылығын арттырады.

Жер телімінің аумағы мен орналасуы біз үшін өте тиімдіЕгер нысандар қаладан тыс салынса, логистика мен шығын жағынан қиындықтар туар еді. Ал қазіргі таңда құрылыс жүріп жатқан жер – қаланың дәл ортасындақарқынды дамып келе жатқан «Алтын орда» шағын ауданында орналасқанБұл өте ыңғайлысебебі барлық қажетті инфрақұрылым бар және бұл орын стадион салуға да, оның айналасында бизнесті дамытуға да қолайлыЖалпы аумақ шамамен 180 гектарды құрайдыоның бір бөлігі инженерлік инфрақұрылымға, ал қалған 168 гектары әлеуметтік және коммерциялық нысандарға бөлінеді», – деп атап өтті облыс әкімі.

Құрылыс басқармасының басшысы ЕржанМұздыбаевтың мәліметіншеорталықаумағында үш ірі нысан – облыстық драма театры, көпфункционалды спорт кешені және футбол стадионының құрылысы қарқындыБарлық жұмыс бекітілген кестеге сәйкесатқарылуда.

Жаңа драма театры 700 орынға шақталған.Құрылыс жұмыстары қазан айының басында басталдыДайындық және бетон құю жұмыстары аяқталыпқазір арматуралық қаңқасы бар іргетас орнатылуда.

мың көрерменге арналған көпфункционалды спорт кешені 6,1 гектар аумақта салынып жатырНысан аумағы толық қоршалыпалаңды дайындау және іргетасқа арналған шұңқыр қазу жұмыстары жүргізілуде.

34 980 орындық футбол стадионы 25 гектар аумақта бой көтермекҚазіргі уақытта аумақтың қоршауы аяқталыпқұрылысқа дайындық жұмыстары жалғасуда.

Өңір басшысы жобалық-сметалық құжаттама дайын екенін де атап өтті. «Ақтөбе бұрыннан заманауи үлкен стадионға лайықМұнда балалар мен жастардың спортпен айналысуына барлық жағдай жасаладыАлдағы бірнеше жылда облыс орталығында болашақ чемпиондар жаттығатын заманауи спорт аренасы пайда болады», – деді Асхат Шахаров.