Өңір басшысы жергілікті қамту үлесінарттыруды тапсырды

Өңір басшысы жергілікті қамту үлесінарттыруды тапсырды

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен Мемлекет басшысының  Жолдауын жүзеге асыру мәселелеріне арналған жиын өтіпөңірдегі өнеркәсіптің дамуы мен жергілікті тауар өндірушілерді қолдау шаралары қаралдыОған мұнай-газ саласы, тау-кен өндірісікәсіпорындарының басшылары және жергіліктітауар өндірушілер қатысты.

Жиынды ашқан өңір басшысы бұл басқосудыңел үшін жауапты сәтте өтіп жатқанын жеткізді.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевтыңҚазақстан халқына Жолдауында жаңаэкономикалық саясаттың негізгі басымдықтарыайқындалдыӨнеркәсіпті дамытужер қойнауынұтымды пайдалану, инвестиция тарту жәнеотандық өндірісті қолдау басты міндеттердің біріретінде көрсетілдіБұл бағытта орта және ірібизнес өкілдеріне ерекше рөл жүктеліп отырБізПрезидент тапсырмаларын сапалы орындау үшінбірлесіп әрекет етуіміз қажет», – деді АсхатШахаров.

Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялықдаму басқармасының басшысы Досжан Әлібековөнеркәсіп саласының қазіргі жағдайы туралыбаяндама жасадыОның айтуынша, 2025 жылдыңбірінші жартыжылдығының қорытындысы бойыншаөңірде тауарларжұмыстар мен қызметтерді сатыпалу көлемі 449 млрд теңгені құрағанОның ішінде229 млрд теңгесі – мұнай-газ және тау-кенсалаларына тиесіліТауарлардағы жергілікті қамтуүлесі орта есеппен 31%-ға жеткен, ал жұмыстармен қызметтер бойынша – 87-90%-ды құрап отырБұл былтырғы жылмен салыстырғанда 2-3%-кежоғары.

Өңірде шағын және орта бизнес үлесі өсіпкеледіБелсенді субъектілер саны шамамен 6%-кеартып, 84,2 мыңға жеткенДегенмен жергіліктіөндірушілерден сатып алу деңгейі әлі де төмен.

Баяндамашы атап өткендейаймақта қажеттіөнім шығаратын кәсіпорындар бар болғаныменіріжер қойнауын пайдаланушылар әлі күнге дейінөзге өңірлік және шетелдік тасымалдаушыларғабасымдық берудеБұл жергілікті өндірістің дамуынтежеп отырОсыған байланысты жергіліктікомпанияларды жеткізу тізбегіне белсендірек тартужәне бұл талаптарды келісімшарттарда бекітуұсынылды.

Сондай-ақ бірқатар жер қойнауынпайдаланушыларда тамақтандыру қызметіаутсорсингке берілгені айтылдыМұндай жағдайдакелісімшарттарға азық-түлік өнімдерін жергіліктіөндірушілерден сатып алу талабын енгізуұсынылдыОның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жұмысын бастаған жаңакәсіпкерлердің өнімдерін де қамту қажетБұлжергілікті өндіріс қуаттарының жүктемесінарттырыпөткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндікбереді.

Отырысты қорытындылай келеоблыс әкіміАсхат Шахаров өнеркәсіп өсімі мен жергілікті қамтуүлесін арттыру үшін билік пен бизнес арасындағыжүйелі өзара іс-қимыл маңызды екенін алғатартты.

«Алдымызда тұрған міндет – тек өнеркәсіпөндірісінің көлемін арттыру емессонымен біргежергілікті қамту үлесін көтеруБіз күшіміздібіріктіріпөнеркәсіптің тұрақты дамуынқамтамасыз етуіміз қажет. Президент тапсырмаларын орындау – ортақ міндетімізБірлескен жұмыс тиімділігі өңірдің орнықтыдамуына және халықтың әл-ауқатына тікелей әсеретеді», – деді өңір басшысы.

 

Асхат Шахаров білікті кадрларды даярлауға да тоқталды.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкесбүгінгі басты міндеттердің бірі – техникалық жәнекәсіби білім беру жүйесін еңбек нарығыныңталаптарына бейімдеуОсыған байланыстыдуалды оқытуды дамыту қажетЖұмыс берушілермен оқу орындары арасындағы тығыз байланысмаңыздыӨңірдегі ірі және орта кәсіпорындар кадр даярлау ісіне белсенді қатысыпстуденттергекәсіби дағдыларды тікелей өндірісте меңгеругемүмкіндік беруі тиісМұндай тәсіл білім сапасынарттырып қана қоймайкәсіпорындарға болашақмамандарын алдын ала даярлауға жол ашады», – деді облыс әкімі.

Білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева берген ақпаратқа сәйкесөңірдегі 40 колледждің 28-інде дуалды оқыту енгізілген. 948 кәсіпорын мен оқу орны арасында үшжақты келісімбарТүлектерді жұмыспен қамту көрсеткіші 83%. Дуалды оқытуды одан әрі дамыту үшінкәсіпорындарды ынталандыру шараларыенгізілудеМәселен, өндірістік орындардағытәлімгерлердің еңбекақысы төленедіоқубағдарламалары жұмыс берушілермен бірлесіпәзірленеді, ал студенттердің өндірістік тәжірибесіеңбек өтіліне есептеледi.

Облыс әкімі білім басқармасына өңірліккәсіпорындармен бірлесіп нақты шараларқабылдауды тапсырдыАтап айтқанда, барлық  колледжді дуалды оқытумен қамтукәсіпорындар базасында оқу - өндірістік орталықтар құру  және ынтымақтастық жөніндегі үлгілік  келісімшарттарды әзірлеу жүктелді.