Ақтөбе облысы Қобда ауданының Жарсай, Талдысай, Терісаққан және И.Құрманов атындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлау қорытындысы туралы хабарлама

Ақтөбе облысы Қобда ауданының Жарсай, Талдысай, Терісаққан және И.Құрманов атындағы ауылдық округтер әкімдерінің  сайлау қорытындысы туралы хабарлама

        2025 жылғы 13 шілдеде Қобда ауданының Жарсай, Талдысай, Терісаққан және И.Құрманов атындағы ауылдық округтер әкімдерінің  сайлау өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына,113-10-бабына сәйкес учаскелік сайлау комиссияларының Қобда ауданының Жарсай, Талдысай, Терісаққан және И.Құрманов атындағы ауылдық округтер әкімдерінің  сайлауының  нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы сайлаудың  қорытындысын шығарды:

Жарсай сайлау округі

          Жарсай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 300 азамат енгізілді, олардың 185 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 8, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 6.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                               

Дұзбанов Н.Ж. –  95   ; Нуркеев Д.Ж.– 46 ;  Солдат Ж. - 30     .

Дұзбанов Нұрлан Жексембайұлы   -  1972  жылы    дүниеге    келген, «Қобда ауданы әкімі аппараты» ММ – ң құқық бөлімінің бас маманы, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Жарсай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

И.Құрманов  сайлау округі

И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:   

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 384 азамат енгізілді, олардың 249 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 6, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 7.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                               

Әмірғалиев Қ.Ж. – 110    ; Кудайбергенов Р.М.–75  ; Хажай Х - 51.

Әмірғалиев Қаиырбек Жұмабекұлы   -  1976   жылы    дүниеге    келген, И.Құрманов атындағы ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Егіндібұлақ ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, И.Құрманов атындағы ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Талдысай сайлау округі

Талдысай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 524 азамат енгізілді, олардың 333 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 7, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                               

Асқарұлы Б. – 59    ; Наушабаев Ж.М.– 35 ;  Тасмағамбетов А.Н. -  229    .

Тасмағамбетов Айбек Нұрланұлы   -  1986   жылы    дүниеге    келген, Талдысай ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Талдысай ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Талдысай ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Терісаққан сайлау округі

Терісаққан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне - 584 азамат енгізілді, олардың 368 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 12, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:                                               

Байчеркасс Ж.М. – 54    ; Клютов А.Қ.– 234  ;   Телегисов Б.А. - 63.

Клютов Асылбек Қуанбайұлы   -  1983   жылы    дүниеге    келген, Терісаққан ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Терісаққан ауылының тұрғыны, «AMANAT» партиясы ұсынған, Терісаққан ауылдық округінің әкімі болып сайланды.