Құрметті ата-аналар!

Құрметті ата-аналар!

Балалардың өмірі – басты байлығымыз. Өкінішке қарай, соңғы уақытта терезеден құлау жағдайлары жиілеп кетті. Мұндай қайғылы оқиғалардың алдын алу – әр ата-ананың тікелей міндеті!

Балаларды қорғау үшін есте сақтаңыз:

🔸 Балаңызды терезеге жақын қалдырмаңыз
🔸 Терезені ашып қойғанда, москит торына сенбеңіз! Ол қорғаныс емес
🔸 Терезеге арнайы құлып қойыңыз немесе ашылмайтындай етіп бекітіңіз
🔸 Жиһаздарды (төсек, үстел, орындық) терезе жанына қоймаңыз – бұл терезеге шығуға мүмкіндік береді
🔸 Бала терезеге шықпасын – бақылаусыз қалдырмаңыз
🔸 Терезеден сыртқа қарау кезінде бірге болыңыз

Қауіп – бір сәтте орын алуы мүмкін!
Жауапкершілікпен қарап, балаларыңыздың қауіпсіздігін алдын ала қамтамасыз етіңіз!

Балаларға арналған ойын алаңдарындағы әткеншек, сырғанақ, айналмалы құрылғылар сияқты механизмдер — олардың қуанышы, бірақ қауіп те сол жерде жасырынуы мүмкін.

Сақтық шараларын ескеріңіз:
- Бала ойнап жатқанда үнемі бақылауда ұстаңыз;
- Әткеншек, сырғанақ, айналма құрылғылардың техникалық жағдайына назар аударыңыз;
- Механизмдерге жақындап ойнағанда, киімінің ілгектері, баулары қауіп тудырмауын қадағалаңыз;
- Баланы құрылғы толық тоқтамай жатып мінгізбеңіз және түсірмеңіз;
- Кішкентай балаларды үлкендерге арналған құрылғыларға шығармаңыз.

Бір сәттік бейқамдық – үлкен қауіпке әкелуі мүмкін. Баланың қауіпсіздігі – басты назарда болсын!