Меню

Страницы

Статья

Ауылдық округ әкімі сайлауының қорытындылары туралы хабар

                                                            Хабар

   2021 жылғы 25 шілдеде Қобда  ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау бес сайлау округі бойынша өтті.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының 9) тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113-10-бабына сәйкес  учаскелік сайлау комиссияларының Қобда  ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін сайлау нәтижелері туралы хаттамалары негізінде Қобда аудандық сайлау комиссиясы сайлау қорытындысын шығарды:

Талдысай сайлау округі

Талдысай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

 Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 558 азамат енгізілді, олардың 474 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -2.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жұмалиев Б.Е. - 36 , Тасмағамбетов А.Н.- 387, Ізімғалиев А.Т.- 46.

Тасмағамбетов Айбек Нұрланұлы, 1986 жылы дүниеге келген, Талдысай ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Талдысай ауылдық округі Талдысай  ауылының тұрғыны, «Nur Otan» саяси партиясы ұсынған  Талдысай ауылдық  округінің әкімі болып сайланды.

                                    Жарсай сайлау округі

Жарсай ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 393 азамат енгізілді, олардың 324 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 7, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны -11.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бабагужин С.К. - 26, Байгелдинова Р.Т. - 217, Күзембаев А.Т.- 63.

Байгельдинова Роза Түлкібайқызы, 1964 жылы дүниеге келген, Жарсай  ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Жарсай ауылдық округі Жарсай ауылының тұрғыны, «Nur Otan» саяси партиясы ұсынған,  Жарсай  ауылдық округінің әкімі болып сайланды                          

                                           Сарбұлақ сайлау округі

Сарбұлақ ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 362 азамат енгізілді, олардың 267 дауыс берді.Жарамсыз бюллетеньдер саны - 3, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Айтжанова М.Ж. - 41, Өтегенов Е.Б.- 193, Телегисов Б.А.- 27

Өтегенов Есенғали Байзолұлы, 1959 жылы дүниеге келген, Сарбұлақ ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы Қобда ауданы Сарбұлақ ауылдық округі  Сарбұлақ ауылының тұрғыны, «Nur Otan» саяси партиясы ұсынған,  Сарбұлақ ауылдық округінің әкімі болып сайланды

                   И.Құрманов атындағы сайлау округі

И.Құрманов атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 397 азамат енгізілді, олардың 312 дауыс берді.Жарамсыз бюллетеньдер саны - 2, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 3.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Әмірғалиев Қ.Ж. - 241 , Бегалиев К.А. - 19, Дұзбанов Н.Ж.- 47

Әмірғалиев Қайырбек Жұмабекұлы, 1976 жылы дүниеге келген, Құрманов атындағы  ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Құрманов атындағы  ауылдық округі  Егіндібұлақ  ауылының тұрғыны, «Nur Otan» саяси партиясы ұсынған, И.Құрманов атындағы ауылдық округінің әкімі болып сайланды

                           Терісаққан сайлау округі

Терісаққан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша:

Сайлау  округі бойынша сайлаушылар тізіміне 657 азамат енгізілді, олардың  544 дауыс берді. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 6, «Бәріне қарсымын» деген жолда белгі қойылғаны - 5.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Келден А. - 69 , Клютов А.Қ.- 420 , Қалдыбаев А.Ж.- 44.

Клютов Асылбек Қуанбайұлы, 1983 жылы дүниеге келген, Терісаққан  ауылдық округінің әкімі, Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Терісаққан ауылдық округі  Терісаққан ауылының тұрғыны, «Nur Otan» саяси партиясы ұсынған,  Терісаққан ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

Қобда аудандық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына сәйкес 2021 жылғы  26  шілдедегі шешімімен 2021 жылғы 25 шілдеде сайланған Қобда  ауданының ауылдық округтерінің әкімдерін тіркеді.

                                                       

                                                                      Қобда  аудандық сайлау комиссиясы

Дата публикации
26 июля 2021
Дата обновления
26 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

14 апреля 2025
​​Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында БЖЗҚ 9 миллионнан аса АҚШ долларын аударды
14 апреля 2025
Назар аударыңыздар! Алаяқтардан сақ болыңыздар!
14 апреля 2025
Егер басқа елге көшуді жоспарласаңыз - зейнетақы жинақтарын алуды ұмытпаңыз!

Социальные медиа

Меню подвал

Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы