Қобда ауданының И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Қобда ауданының И.Білтабанов атындағы ауылдық округі

әкімінің сайлауын тағайындау туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының  2) тармақшасына сәйкес Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

  1. Қобда  ауданының     И.Білтабанов атындағы    ауылдық    округі    әкімінің    сайлауы  2025 жылғы  18 мамырға  тағайындалсын.
  2. Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 10сәуірден басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 22сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

         3.Ауылдық округтің әкіміне кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 27 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.

  1. Осы қаулы Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Qobda» газетінде жариялансын.

 

 

Қобда аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы                                 Б.Отаралова

 

Қобда аудандық  аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы                                 М.Қожабекова        

 

       № 25

09.04.2025ж.

Қобда ауданының И.Білтабанов атындағы ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
09 апреля 2025