Сайлаудын корытынды хабарламасы 30.03.2025

 

2025 жылғы 30 наурызда өткен

Қобда аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарлама

 

2025 жылғы 30 наурызда №1, № 4 бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланған  Қобда аудандық мәслихатының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтті.

Сайлаушылар тізіміне  2032 азамат енгізілді. Дауыс беруге – 1179 сайлаушы, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша - 0, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс – 14 қатысты.

Кандидаттардың жалпы саны - 6.

Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қобда аудандық мәслихат депутаттарын сайлауының мынадай қорытындылары белгіленді:

 

№ 1 сайлау округі бойынша

Жәнібекова Ольга Советбайқызы үшін сайлаушылардың 116 дауысы берілді,

Сәбітов Елік Жолдасбекұлы үшін сайлаушылардың 280 дауысы берілді,

Өтешев Әнуар Әбуталыұлы үшін сайлаушылардың 137 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 11.

 

№ 4 сайлау округі бойынша

Қапашев Мақсат Байранбайұлы үшін сайлаушылардың 387 дауысы берілді,

Көпесов Дуйсенбек Сағалиұлы үшін сайлаушылардың 104 дауысы берілді,

Көптлеуов Арман Батырханұлы үшін сайлаушылардың 119 дауысы берілді.

«Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны - 12.

 

 

Сайлау қорытындысымен бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша Қобда аудандық мәслихаттың депутаттары болып:

№ 1 сайлау округі бойынша – Сәбитов Елік Жолдаспекұлы , 1986 жылы туған, Қобда аудандық «AMANAT» партиясы филиалының атқарушы хатшысы Қобда ауданының тұрғыны сайланды;

№ 4 сайлау округі бойынша – Қапашев Мақсат Байранбайұлы, 1973 жылы туған, «Қобда аудандық аурухана» МКК басшысы, Қобда ауданының тұрғыны сайланды.

 

 

 

 

Қобда аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Сайлаудын корытынды хабарламасы 30.03.2025
Дата публикации
01 апреля 2025