
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай Жиренқопа ауылында мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мерекелік шара барысында ауыл әкімі А.Манашев ауылдың аяулы аналары мен қыз-келіншектерін мерекемен құттықтап, ауылдың дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азаматшаларды Алғыс хатпен марапаттады. Әдемі кеште ән шырқалып, би биленіп, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған әсерлі концерттік бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар нәзік жандыларға гүл шоқтары табысталып, ақжарма тілектер айтылды.