Қобда ауданының 95 жылдығына орай “Туған жерің-тұғырың” атты ауыл күндері мерекесі өтті

Қобда ауданының 95 жылдығына орай “Туған жерің-тұғырың” атты ауыл күндері мерекесі өтті

Бүгін аудан орталығындағы “Отан-Ана” саябағында Ақтөбе қаласының 155 жылдығына және Қобда ауданының 95 жылдығына орай “Туған жерің-тұғырың” атты ауыл күндері мерекесі өтті.

▫️Бекітілген жоспар бойынша ауылдық округдердің өнерпаздары әр жұма сайын аудан тұрғындар назарына мерекелік шарасын ұсынады.

▫️Бүгін Жиренқопа, Көк үй, Қаракемер, Қызылжар ауылдарының өнерпаздары өнер көрсетіп, ауылдық округ әкімшілігінің ұйымдастыруымен жәрмеңкелер, спорттық шаралар, тарихи көрмелер өтті.

▫️Кеш барысында Ауылдық округтердің атынан халыққа тегін палау, Жиренқопа ауылының атынан тегін балмұздақтар таратылды.

▫️Шараға қатысқан аудан жұотшылығы өз алғыстарын білдірді.