
Сарбұлақ ауылдық округі қауымдастық жиналысының
Хаттамасы
Сарбұлақ ауылы № «21» қараша 2025 жыл
2025 жылы 21 қараша күні сағат 15.00-де Сарбұлақ ауылдық округіндегі әкімшілік ғимаратында жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысы өтті.
Жиналысқа қатысқаны- 15 адам
Төрағалық етуші: Кутанов Кенжиғали - жергілікті қоғамдастық кеңес төрағасы.
Хатшысы: Жанібек Солдат - жергілікті қоғамдастық кеңес хатшысы.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Сарбұлақ ауылдық округі, Сарбұлақ ауылының көшесіне атау беру мәселесін қарастыру.
Жиында айтылған ұсыныс пікірлерді қорытындылай келіп, жергілікті қоғамдастық комиссия мүшелерінің жиыны шешім етеді:
Ақтөбе облысы әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қарауына Сарбұлақ ауылындағы Алматы көшесіне Көрпешов Таусоғар есімін беру ұсынылсын.
Жиынның төрағасы: К.Кутанов
Хатшысы: Ж.Солдат