ХАБАРЛАНДЫРУ «Әкімшілік – аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беріп, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерті кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің 2023 жылғы 1 тамыздағы №211 бұйрығына сәйкес 2025 жылғы 21 қараша күні сағат 10:00-де Қобда ауданы, И.Құрманов атындағы ауылдық округі, Бегалы ауылы, Бегалы негізгі мектебінде жиын өтеді. Күн тәртібінде: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, И.Құрманов атындағы ауылдық округі, Бегалы ауылының көшесіне атау беру мәселесін қарастыру.
