Бұлақ ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарын құттықтауы

Бұлақ ауылдық округі әкімінің ауыл тұрғындарын құттықтауы

Құрметті ауыл тұрғындары!

Сіздерді 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – татулық пен бірліктің, өзара сыйластық пен түсіністіктің мерекесі. Көпұлтты еліміздің басты байлығы – халықтар арасындағы достық пен келісім. Біз осы құндылықтарды сақтап, болашақ ұрпаққа үлгі етуіміз қажет.

Ауылымыздың өсіп-өркендеуі, дамуы – әрқайсымыздың бірлігіміз бен еңбегіміздің нәтижесі. Бірлігіміз бекем, ынтымағымыз жарасымды болсын!

Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын!