
16 наурыз – Наурызнама онкүндігі аясында атап өтілетін «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Бұл күні қазақ халқының мәдени мұрасын, өнерін, салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын (тұсаукесер, бесікке салу, т.б.) дәріптеуге, жас ұрпаққа насихаттауға және халықты біріктіруге бағытталған шаралар ұйымдастырылады.