15 наурыз Қайырымдылық күні

15 наурыз Қайырымдылық күні

Қазақстанда 15 наурыз — Қайырымдылық күні ретінде атап өтіледі, бұл Наурызнаманың онкүндігі аясындағы мейірімділік пен өзара көмек күні. Бұл күні мұқтаж жандарға қолдау көрсетіліп, қайырымдылық жәрмеңкелері мен игі істер ұйымдастырылады. Мақсаты — қоғамда бауырмалдық пен жанашырлықты дәріптеу. Осыған орай Бұлақ ауылдық округінде жалғызбасты қарттардың аулалары қардан, қоқыстан тазартылды.