8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік концерт

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік концерт

                                                              Ауылдық округтегі Мәдениет үйінде 8 наурыз халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт өтті.Ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін ән, тақпақтар, нәзік жандыларға жылы лебіздерін білдірген жанды концерттік бағдарлама әзірленді.Әуесқой өнерпаздар көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй, күлкі, шынайы мерекелік атмосфера сыйлады.Бұл күні сахнадан әйелдерге, яғни аналарға, әжелерге, апалар мен қыздарға алғыс, құрмет сөздер айтылды. Мерекелік концерт тамаша сыйлық болды және барлық қонақтарға жылы әсер қалдырды.Сұлулық пен шабытқа толы көктем мерекесі құтты болсын!