Қобда ауданында дәстүрлі «Сыбаға» этнофестивалі өтеді

Қобда ауданында дәстүрлі «Сыбаға» этнофестивалі өтеді

«Сыбаға» – ата-баба мұрасын жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды бүгінгі ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған маңызды мәдени бастама.

   Мемлекет басшысы атап өткендей, ұлттық рухты көтеріп, жас буынды дәстүр арқылы тәрбиелеу – ел болашағының берік негізін қалыптастырады. Осы бағытты мақсат тұтқан «Сыбаға» фестивалі өңір жұртшылығына мазмұны терең, тағылымы мол кең ауқымды бағдарламалар ұсынады.

 Білім беру ұйымдарында жалпы ұлттық құндылықтарды дәріптейтін танымдық сабақтар мен шеберлік сағаттары өтеді.

Ауыл-аймақтарда дәстүрлі соғым сыбағасы таратылып, үлкенге – ізет, кішіге – құрмет көрсетілмек.

«Сыбаға» – ұлттық құндылықтарды жаңғыртып, ұлт болмысын сақтауға бағытталған бірегей мереке.

Барша тұрғындар мен аудан қонақтарын фестивальді жоғары деңгейде атап өтуге шақырамыз.