Қобда ауданының әкімі І.Тынымгереев пен Бұлақ ауылдық округінің әкімі С.Матаевтың есеп беруі

Қобда ауданының әкімі І.Тынымгереев пен Бұлақ ауылдық округінің әкімі С.Матаевтың есеп беруі

Бұлақ ауылдық округінде аудан әкімі Ізгілік Тынымгерев пен ауыл әкімі С.Матаевтың Әлия, Бұлақ ауылдарының тұрғындарымен кезекті есеп беру кездесуі өткізілді.

Аудан әкімі ауылдардың жағдаймен танысып, жергілікті тұрғындармен ашық форматта пікір алмасты. Кездесуде тұрғындар бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.

Аудан әкімі І.Тынымгереев айтылған ұсыныс пікірлер бойынша түсініктеме беріп, жауапты бөлімдерге нақты тапсырмалар жүктеді.Сондай-ақ инженерлік инфрақұрылымды жақсарту және тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.