
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың өмір жолын зерттеуге өмірін арнаған Ғалымжан Байдербестің құрметіне ескерткіш-тақта орнатылды.
Тақта "Әлия" патриоттық тәрбие облыстық орталығының ғимаратының қабырғасына қойылды.
Салтанатты шараға Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Нұрланұлы Батырхан, аудан әкімі Ізгілік Досмұратұлы Тынымгереев, зиялы қауым өкілдері, аудан тұрғындары, ардагерлер мен қонақтар қатысты.
Ғалымжан Байдербес Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлігін зерттеп, кейінгі ұрпаққа жеткізген танымал тұлға, «Қос Шынар» қоғамдық қорының төрағасы, Ақтөбе облысының құрметті азаматы.
Шара соңында қатысушылар тұлғаның рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар ас беріліп, Құран бағышталды