Ұстаздар күні

Ұстаздар күні

Бүгін Бұлақ ауылдық округінде Әлия ауылдық мәдениет үйінде  «Ұстаз-ұлы тұлға» атты ұстаздар мерекесіне арналған концерт жоғары деңгейде өткізілді. Шара барысында ұстаздар қауымының еңбегі дәріптеліп, білім саласына қосқан үлесі ерекше атап өтілді.

Мерекелік бағдарламада Ә.Молдағұлова атындағы орта  мектебінің оқушылары ұстаздарына арнап өлеңдер оқып, әндер шырқап, би биледі. Сондай-ақ ардагер ұстаздарға құрмет көрсетіліп, алғыс хаттар табыс етілді. Жас мамандарға ақ тілектер айтылып, ұстаздық жолдың қадір-қасиеті жайлы тағылымды әңгімелер қозғалды.

Бұл мерекелік кеш ұстаздар қауымына деген шынайы құрметтің, ілтипаттың белгісі болды. Ұстаз – ұлт болашағының шамшырағы, ал олардың еңбегін бағалау – баршамыздың парызымыз.