1 қазан - Халықаралық қарттар күні

1 қазан - Халықаралық қарттар күні

2025 жылдың 2 қазан күні Бұлақ ауылдық округінде Халықаралық қарттар күніне арналған мерекелік шара өтті. Іс-шараға ауыл ақсақалдары мен ардагерлер, ауыл тұрғындары және жастар қатысты.

Мерекелік жиын барысында ауыл әкімі құттықтау сөз сөйлеп, қарттарға деген құрметтің әрқашан жоғары екенін атап өтті. Ардагерлерге ізгі тілектер айтылды. Мектеп оқушылары мен ауыл өнерпаздары әсем ән мен билерін орындады.

Шара барысында қарттарымыздың өнегелі өмір жолдары мен еңбектері еске алынып, жастарға үлгі ретінде дәріптелді.

Мереке соңында қонақтарға дастархан жайылып, үлкендерге ерекше көңіл бөлінді.

Бұл мерекелік жиын қарттарға деген сый-құрметтің айқын көрінісі болып, ауыл тұрғындарының бірлігін нығайтты.