Алға ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді

Алға ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына мониторинг жүргізілді

Ақтөбе облысында жергілікті атқарушы органдар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасына тұрақты түрде мониторинг жүргізіп келеді. Осы мақсатта әр ауданында арнайы мониторингтік топ құрылған.

Аталған топтың мүшелері Алға ауданындағы бірқатар сауда нүктелерін аралап, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларымен танысты.

Тексеру нәтижесінде күнделікті тұтынылатын негізгі азық-түлік тауарлары бағасының негізсіз өсу деректері анықталған жоқ.

Кәсіпкерлерге халыққа сапалы әрі қолжетімді қызмет көрсетудің маңыздылығы ескертілді.