Ақтөбе облысы Кәсіпкерлік басқармасының ұжымы сенбілікке қатысты

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлік басқармасының ұжымы сенбілікке қатысты

Дәстүрлі сенбілік аясында Ақтөбе облысы Кәсіпкерлік басқармасының ұжымы қоғамдық аумақтарды тазарту және абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысты.

Сенбілік барысында қоғамдық кеңістіктер қоқыстан және қураған сынған бұтақтардан тазартылып, халық көп жүретін орындар аумағы ретке келтірілді. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде тазалық пен тәртіп айқын байқалып, аумақтардың көркі артты.

Мұндай шараларға қатысу басқарма ұжымы үшін қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттырып қана қоймай, ұжымдық мәдениетті нығайтуға және туған өлкенің көркеюіне үлес қосуға бағытталған маңызды қадам болып саналады. Алдағы уақытта да басқарма ұжымы осындай игі бастамаларға белсене қатысуды жалғастырады.