«Алматы» ауданы әкімдігінің мамандары аудан аумағында орналасқан сауда нысандарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасына мониторинг жүргізді.
Мониторингтің мақсаты бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу. Рейдтік шаралар барысында сөрелерге “Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы” ҚР Заңының 24-бабына сәйкес баға белгілерін орнату жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Халық күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын негізсіз көтеру жағдайлары тіркелген жоқ.
Осы бағыттағы жұмыстар жалғаса береді.