
9 сәуір күні Мәртөк аудандық кәсіпкерлік бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі, Мәртөк ауылдық округі әкімі аппараты мен аудандық полиция бөлімінің мамандары бірлесіп, аудан орталығында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың маңындағы аумақтарды абаттандыру және олардың эстетикалық келбетін сақтау талаптарын түсіндіруге бағытталған іс-шара өткізді.
Кездесу барысында мемлекеттік органдардың өкілдері бірқатар сауда нүктелерін, қызмет көрсету орындарын және шағын және орта бизнес нысандарын аралап шықты. Кәсіпкерлерге іргелес аумақтарды ұстаудың негізгі ережелері, оның ішінде тазалық сақтау, көгалдандыру, фасадтарды сәндеу және жарнамалық маңдайшаларды орнату талаптары түсіндірілді.
Уәкілетті орган өкілдері бизнес нысандары маңындағы аумақтардың сыртқы келбеті мен жағдайы елді мекеннің жалпы көрінісіне тікелей әсер ететінін және аудан қонақтарында алғашқы әсер қалыптастыратынын еске салды.