Шалқар ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тексерілді.

Шалқар ауданында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы тексерілді.

Облыстың жергілікті атқарушы органдары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының мониторингі бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізуде. Ол үшін арнайы мониторингтік топ құрылды.

Топ мүшелері Шалқар ауданының бірқатар дүкендеріне барып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасымен танысты.

Аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары тұрақты негізде азық-түлік дүкендерінде әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Мониторинг барысында халық күнделікті пайдаланатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз көтеру фактілері тіркелмеді.

Кәсіпкерлерге халыққа сапалы қызмет көрсету қажеттігі айтылды.