Ақтөбе тарихи-өлкетану мұражайында Ақтөбе облысының туристік әлеуетінің таныстыру өтті.
Іс-шара барысында Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасының басшысы Нұрхан Тілеумұратов облысымызда туристік саланы дамыту бойынша дәріс өткізді.
Қатысушыларға өңірдегі туристік және киелі нысандардың барлық түрлері (Абат-Байтақ, мылқау ауыл, "Аққұм" құмдары және т.б.) таныстырылып, облыстың туризмін дамыту шеңберінде атқарылған мәдени-бұқаралық іс-шаралар туралы айтылды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы негізінде ішкі туризмге көбірек көңіл бөліп, жас ұрпаққа туризм мәдениетін сіңіру қажет.