Комиссия отырысы

Комиссия отырысы

Әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу мақсатында ағымдағы жылдың 19 қаңтарында облыс әкімінің орынбасары Ж.Иманқұловтың төрағалығымен азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ету жөніндегі комиссияның (бұдан әрі-Комиссия) отырысы өтті.
Комиссия отырысында «Ақтөбе «ӘКК» АҚ-ның «айналым схемасы» шеңберінде қарыз беру үшін кәсіпкерлік субъектілерін анықтау бойынша өткізген конкурсының қорытындылары қаралды.
Комиссия кәсіпкерлік субъектілерінің өтінімдерін қарап, келесі кәсіпкерлік субъектілерінің тізімін бекітуге шешім қабылдады: «Рамазан» ЖШС, «НАМК» ЖШС, «Агрофирма «Тау» ЖШС, «Мәртөк Сүт» ЖШС, олар әлеуметтік өнімді - 1 сұрыпты ұн, макарон, сүт - 2,5% (жұмсақ орамада), айран – 2,5% (жұмсақ орамада), сүзбе -9%, сары май 72,5%, тауық жұмыртқасын жеткізуді қамтамасыз ететін болады.