«Жанды сабақтар»

«Жанды сабақтар»

Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы «Жанды сабақтар» жобасы аясында ағымдағы жылдың қыркүйек айының 11 мен 28 күндері аралағында қала және аудан мектеп оқушылары үшін өңіріміздің көрікті жерлерімен туристік нысандарына ақпараттық турлар ұйымдастырды.
Атап айтсақ, Байғанин ауданындағы «Аққұм» құмды тауларын, Ырғыз ауданындағы «Жаманшын» метеориттік кратерін, Қобда ауданындағы «Абат-Байтақ», «Қыз әулие», «Қобыланды батыр» мемориалдық кешендерін, сонымен қатар «Әлия» облыстық патриоттық тәрбие орталығы бойынша экскурсия, Мәртүк ауданындағы «Аққайын орманы», Ойыл ауданындағы «Барқын» құмдарын, Қарғалы ауданындағы «Қарғалы су қоймасын», «Қасқыр» сарқырамасын, «Мылқау» ауыл және «Қызылтым» кесенесі, сондай-ақ «Ардағым» шаруа қожалығы бойынша экскурсия өткізді.